Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақсу ауданының 52 жастағы тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Үлгілі ауылының маңында орналасқан оған тиесілі шаруа қожалығында полиция қызметкерлері 2 аңшылық мылтық, 1 иір ойықты винтовка және әртүрлі калибрлі 30-ға жуық патрон тапты.
Іс бойынша тергеу амалдары ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдегу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша жүргізіледі. Тәркіленген қару тиісті сараптамаға жіберілді. Тергеу кезінде күдіктіге қатысты “келу туралы міндеттеме” процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды, – деді Ақсу аудандық полициясының бастығы Ернар Ширбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әскери топографтар кәсіби мерекесін атап өтті
Келесі жаңалық
«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Өзгелердің жаңалығы