Жетім балаларға медициналық көмек көрсету мәселелері талқыланды
Нұр-сұлтан, BAQ.КZ. Елорданың мамандандырылған балалар үйінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстардың түрлері мен әдістерін жетілдіру бойынша кеңес өтті.
Кеңеске қалалық мәслихат депутаттары, Нұр-сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов, ювеналды әділет өкілдері мен педагогтар қатысты.
Ана мен бала денсаулығын қорғау мемлекет пен денсаулық сақтау жүйесінің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияға қосылды, ал балалардың, жетім балалардың, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінде және заңға тәуелді актілерде бекітілген.
Бүгінгі күні елімізде 20 Балалар үйі жұмыс істейді, онда 747 бала тәрбиеленуде, оның 30%-ы мүмкіндігі шектеулі балалар.
Баланың сәби шағы - бұл өмірдегі ең әлсіз, ерекше және өте маңызды кезең, қысқа уақыт ішінде дәрменсіз және ешқандай дағдысы жоқ баланың рефлекстері, әдеттері, сөйлеуі, қарқынды физикалық өсуі мен психикалық дамуы байқалатын негізгі өмірлік функциялардың даму кезеңі. Сонымен қатар, бұл ауру мен өлім қаупі жоғары кезең, бұл медицина қызметкерлері тарапынан бақылауды талап етеді, - деді ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова
Балалар үйіне түсетін балалардың басым бөлігінің дамуында қандай да бір бұзушылықтар мен артта қалушылықтар бар екенін ескере отырып, ерте араласу және қалпына келтіру іс-шараларын ертерек бастау шешуші және үлкен мәнге ие. Тиісінше, Балалар үйлерінде мамандардың мультидисциплинарлық тобын балаларды күту, медициналық оңалтуға, абилитацияға, бақылауға кешенді тәсілдің маңызы зор. Бұл олардың толыққанды дамуына, денсаулық жағдайын жақсартуға ықпал етеді және баланы асырап алу және отбасына орналастыру мүмкіндігін арттырады, бұл барлық мамандандырылған интернат мекемелерінің негізгі міндеті болып табылады. Сондықтан әлеуметтік-профилактикалық бағыт, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, қиын өмірлік жағдайларда отбасыларды қолдау жаңа перспективаларға айналуы тиіс. Осыған байланысты, М. Ембергенова атап өткендей, балалар үйлерінің қызметін одан әрі жетілдіру үшін күш салу қажет.