Жеті күннен бері Алматыда эпидахуал тұрақты – министр
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
КВИ-дың өсуіне байланысты өңірлерде эпидемиологиялық бақылау мен профилактикалық жұмыс күшейтілді. Аурудың ең көп өсуі еліміздің 6 өңірінде байқалады. Онда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 5 есе және одан жоғары өсті, оның ішінде Ақтөбе облысында, Батыс Қазақстан облысында, Қарағанды облысында, Павлодар облысында, Ақмола облысында – 6 есе, Қостанай облысында – 5 есе көтеріліп отыр, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, бірқатар өңірлерде індет өскен. Дегенмен, оңтүстік астанада эпидахуал тұрақтана бастаған.
Ауру 3-тен 5 есеге дейін өскен өңірлердің екінші тобына республиканың 5 өңірі жатады. Індеттің 3 есеге дейін өсуі еліміздің 6 өңірде байқалады. Соңғы аптада Алматы қаласында КВИ-ның эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтандыруы байқалады, - деді Ажар Ғиният.
Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі соңғы екі аптада елімізде коронавирус жұқтыру 3,2 есеге өскені туралы айтқан болатын.