Жер сілкінісі кезінде жасалатын қарапайым 10 әрекет
Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жер сілкінісі кезінде не істеу керегін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқарушылар жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 әрекетті жасау керегін айтты:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкінгенде лифтіні және баспалдақты пайдаланбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден әрірек тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- Көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерінен , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға көмектесіңіз;
Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаменті оқыс оқиға кезінде чемоданды қалай жедел жинау керегін түсіндіріп видео дайындады.
Бұған дейін сейсмологтар Алматыда 2 балдық жер сілкінісін тіркегенін хабарланған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі сезілді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы