"Жеңілдетілген несие": Ұлттық компанияның "қызметкері" азаматтарды алдап кетті

Ұлттық компанияның қызметкерімін деп танысқан алаяқ жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп азаматтарды алдап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Астанада 16 азаматты алдаған елорда тұрғынына қатысты үкім шықты.

Бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа азаматтар ақша аударған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.

Мәселен, алаяқ өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметтерін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін алаяққа алданған астаналықтар жалға алынған көліктерді сатып алғанын хабарлаған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы