Жемқорлар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаң тәсілдерін енгізген жөн деп санаймын. 2021 жылдан бастап мелекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттардың сақталуына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу керек. Мемлекеттік қызметішінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылады, - деді ол. 
Тоқаев атап өткендей, құқық қорғау органдары қызметкерлердің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу керек. 
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды. Жемқорлық жасағандар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынатын қағида қатаң сақталуы керек. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдарды қорғауды заң жүзінде қалыптастыруымыз керек, - деді ол. 
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Жолдауы барысында балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесіне баса назар аудару керегін айтқан болатын. Сондай-ақ, Тоқаев жемқорларды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды тапсырған еді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы