10 Қараша 2026, 17:13
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Желтоқсандағы демалыс: Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?
Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады?
2026 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда мемлекеттік мереке бар. Ол – Тәуелсіздік күні, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Желтоқсанда қазақстандықтар ресми демалыс күні – Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
Биыл бұл мереке 16 желтоқсан – сәрсенбіге сәйкес келеді.
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша жылдың соңғы айында 9 демалыс күні мен 22 жұмыс күні қарастырылған.
Ал алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер үшін демалыс саны 5 күнді құрайды, ал жұмыс күндерінің саны – 26.
31 желтоқсан қазақстандықтардың көпшілігі үшін жұмыс күні. Жылдың соңғы күні бейсенбіге сәйкес келеді.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» РМК Қазақстанда биыл қыс қандай болатыны туралы болжам жасады.