#Желмая. Жазда сұраныстың көптігіне байланысты ескі вагондарды қосуға тура келеді – ҚТЖ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұқамедқали.

Жолаушылар тасымалы бағытында қандай да өзгеріс бола ма? Дисконттық картаны қалай пайдалану қажет? Әйелдер вагонынның артықшылығы қандай? Пойыздарға билет тапшылығы қалай шешіледі? Билет құны қалай есептеледі? Алда қандай өзгерістер болады? осы мәселе туралы  Мәди Мұқамедқали айтты.

«Жолаушылар тасымалы» 2010 жылдан 2021 жылға дейін вагон паркін жаңартқан болатынбыз. Яғни 1100-ден астам вагон сатып алынды. Биыл жыл соңына дейін 73 жаңа типті вагон алсақ деген жоспар бар. Одан бөлек, 2029 жылға дейін стратегиялық жоспарымызға сәйкес жаңа типті вагондардың қатарын тағы да 500 вагонмен толықтырамыз, - деп атап өтті компания өкілі.

Сонымен қатар ескі типті вагондардың бар екенін жасырмайтынын айтты. 

Жолаушылар паркі вагонында 2200-ден астам вагон бар десек, оның ішінде 800-ге жуығы ескі типті вагондар. Жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Былтыр 82 жаңа вагон қосылды. Жыл сайын сол стратегиялық жоспарға сәйкес жұмыс атқарылып жатыр, - деді Мәди Мұхамедқали.

Айтуынша, жазғы маусымда жолаушылар тарапынан демалыс айлақтарына вагондардың қосылуына қатысты сұрақтар көптеп түседі. 

Ескі типті вагондарды жаз кезінде сұраныстың артуына байланысты қосамыз. Мәселен, Бейнеу станциясы, шығыс өңіріндегі шалғайдағы елдімекендерге қатынайтын вагондар толықтырылады, - дейді ол.

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Әйкерім Кудеринова болған еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы