#Желмая. Аяжан Еділованың жағдайы секілді оқиғалар бұрын да болған – заңгер

Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікті қанша жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін? Күдіктіге психологиялық ауытқуы бар деген баға берілуі үшін қандай сараптамалар тағайындалады? Маньяк деген кім? Психикалық ауытқудың пайда болуына қандай себептер әсер етеді? Феминист әйелдердің шеруінде көтерілген мәселелер біздің қоғамда қаншалықты өзекті? Қазақстанда әйел теңдігі бар ма? Осы және өзге де  сауалдарға «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы  заң ғылымдарының докторы, профессор Айсана Сман «Желмая» жобасы барысында жауап берді. 


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Айта кетейік, бұған дейін «Желмая» жобасында қонақта «Қазақстан КВН одағының» президенті, Жайдарман ойындарының жүргізушісі Есен Елеукен болды. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы