#Желмая. Нені айтып, нені айтуға болмайтынын біліп қалдық қой – Есен Елеукен

31 Наурыз 2021, 12:07
4039
Бөлісу:
#Желмая. Нені айтып, нені айтуға болмайтынын біліп қалдық қой – Есен Елеукен
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Желмая» жобасында «Қазақстан КВН одағының» президенті, Жайдарман ойындарының жүргізушісі Есен Елеукен қонақта болды.

Жайдарманда қандай цензура бар? Әзілкештер қай деңгейде күлдіре алып жүр? Қоғам салмақты әзілді қабылдай ала ма? 20 жылда Жайдарман қазақ қоғамына не берді? Осы жылдардың ішінде Жайдарманның деңгейі қаншалықты өсті? Есен Елеукен танымдық бағдарлама түсіруге дайын ба? Карантинде көрерменсіз жайдарман ойнау қаншалықты қиын? Осы және басқа да сұрақтарға «Қазақстан КВН одағының» президенті Есен Елеукен жауап береді.

Қазақша КВН басталғалы 20 жылдың ішінде нені айтып, нені айтуға болмайтынын біліп қалдық қой. Сондықтан әзірге ешқандай претензия болған жоқ, - дейді Есен Елеукен.

«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Айта кетейік, бұған дейін «Желмая» жобасында қонақта Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым болды.

Өзгелердің жаңалығы