#Желмая. Ата заң. Елбасы. Конституциялық сот. «Екінші республика». Алда қандай өзгерістер күтіп тұр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы KAZGUU университеті жеке құқық департаментінің профессоры Сара Ыдырысова.
Қоғам тарапынан «Елбасы туралы» бапқа қатысты түсінбеушіліктер болып жатыр, бұл бап қалай өзгереді? Алда қандай жұмыстар күтіп тұр? Елбасы туралы бап қала ма? «Екінші республика» деген терминді қалай түсінгеніміз дұрыс? Конституциалық сот нені өзгертеді? Осы және өзге де маңызды сауалдарға профессор Сара Ыдырысова жауап береді.
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Бұған дейін жобамыздың қонағы Парламент Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек болған еді.