Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті ұсталды

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 ақпанда Қарағанды облысында Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында 27 қаңтарда сағат 00:20 шамасында жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын салу оқиғасы бойынша күдік келтірілген Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды, - делінген хабарламада.

Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағылған қылмысты жасағаны үшін ол ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққы жыққан ер адамның видеосы тарады. Кейін қаскөйдің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Зорлық-зомбылық құрбаны болған жүргізуші оқиғаның мән-жайын баяндап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы