Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азамат неге ұсталмай жатыр? – ІІМ жауап берді
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азаматқа қатысты пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер Мәжілістің кулуарында министрден жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азамат неге ұсталмай жатқанын сұрады.
Иә, Қарағандыда мұндай факт болды. Іс қозғалды. Бүгінде күдікті іздестіріліп жатыр, - деп қысқа жауап берді бас полицей.
Сәденов ешкім жауапкершіліктен құтылып кетпейтінін, күдікті ұсталатынын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның видеосы тарады. Әуелі ол жүргізушіге көлікті шетке қоймадың деп айтып, кейін оған қол көтерген.
Содан кейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеуді тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бишімбаев ісі: ІІМ іс қай кезеңге жеткенін айтты
Өзгелердің жаңалығы