Енді жауапты хатшылар болмайды. Мәжіліс заң жобасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР Үкіметі туралы» конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.
Мәжіліске осы заң жобасы туралы баяндама жасауға келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова қысқаша баяндаманы зуылдатып оқып шықты.
Заң жобасы Мемлекет басшысының жауапты хатшылар институтын тарату туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Қазіргі уақытта жауапты хатшыларды Президент тағайындайды. Олар тиісінше жоғары мәртебеге ие. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін олардың міндеттері аппарат басшыларына жүктеледі. Аппарат басшыларын министрлер тағайындайды, оларға есеп беруге міндеттеледі. Осыған байланысты «ҚР Үкіметі туралы» конституциялық заңынан жауапты хатшылардың мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормаларды алып тастау және оларды «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда аппарат басшыларына бекіту ұсынылады, - деді Анар Жайылғанова.
Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдап, дауыс берді. Сөйтіп, Сенатқа жөнелтілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы