"Жайлы мектеп" саны неге қысқарды?

Елдегі "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша салынатын білім ордаларының саны қысқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Samruk-Kazyna Construction басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов компанияда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Белгілі болғандай, жайлы мектептерді салу жоспарланған 401-ден 369-ға дейін қысқарған.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Шымкент, Астана мен Алматы қалаларында салынады деп жоспарлануда. Қалған мектептер шағын қалаларды қосқанда, бүкіл ел аумағында бой көтереді. Оны салуға 2,6 трлн теңге қаржы бөлінеді.

Бұл мәселе Оқу-ағарту министрлігіне қатысты. Оңтайландыру процесі жүріп жатыр. Жобадан азайтқан 32 мектеп бар, кейбірі алынып тасталды, - деп түсіндірді компания басшысы.

Айтуынша, алдағы уақыттағы жұмыс бойынша өтінім берілген.

Өңірлерді аралап, жұмысты талқылаған кезде қажеттілік бар ма, жоқ па, қарап көрдік. Өзіңіз елестетіп көріңізші, мектеп салдық делік, бірақ оған келіп оқитын бала саны небәрі 40% ғана. Ондай мектептің не қажеті бар? Логистика бойынша қолжетімді аймақ болуын да ескердік. Екі шақырымнан аспайтын жерден балалардың қатынай алуын назарға алдық, - деді Мәулен Айманбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Жайлы мектепті» салып жатқан әйгілі компания басшылары қанша айлық алатындарын айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы