31 Тамыз 2026, 14:20 Фото: ©BAQ.KZ/жасанды интеллект

Жарық өшіріледі: Алматыда қарызға батқан тұрғын үйлердің тізімі жарияланды

Алматы мен Алматы облысындағы электр энергиясы бойынша ең көп қарызы бар тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды.

1 қыркүйектен бастап электр энергиясы үшін берешегі бар тұрғын үй кешендеріне, мүлік иелері бірлестіктеріне (МИБ), пәтер иелері кооперативтеріне (ПИК) және басқарушы компанияларға қатысты заңнама мен келісімшарттарда қарастырылған шаралар қолданылуы мүмкін. Бұл шаралар электр қуатын беруді толық тоқтатуға дейін жетуі ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Алатау Жарық Компаниясы» бөлімшесінің мәліметінше, тұрғындар төлемдерді уақытылы жүргізуі керек және әсіресе жылыту маусымы қарсаңында басқарушы ұйымдардың есеп айырысуын бақылап отыру қажет.

Тамыз айынан бастап электр энергиясы үшін төленетін түбіртектерде МИБ, ПИК немесе басқарушы компаниялардың берешегі туралы ақпарат жеке жолмен көрсетіле бастады. Егер үй бойынша қарыз көрсетілсе, тұрғындарға оның пайда болу себептері мен қашан өтелетінін білу үшін басқарушы ұйымға жүгіну ұсынылады.

Алматыда қарызы көп борышкерлер

2026 жылғы 28 тамыздағы мәлімет бойынша, Алматыдағы электр энергиясы бойынша ең көп қарызы бар тұрғын үй кешендері:

  • «Алма Сити 5/2» – 125,94 млн теңге;

  • «Alatau City» – 109,37 млн теңге;

  • «Жасқанат» – 104,21 млн теңге;

  • «Алма Сити 1, 2, 3» – 102,63 млн теңге;

  • «Medeu City» – 102,18 млн теңге;

  • «Алма Сити 4» – 60,17 млн теңге;

  • «Tamarix» – 56,2 млн теңге;

  • «Мирас» – 37,14 млн теңге;

  • «Altin City» – 25,54 млн теңге;

  • «Алтын Бұлақ-1» – 22,63 млн теңге;

  • «Etasa Residence» – 21,13 млн теңге;

  • «RAMS CITY» – 20,24 млн теңге;

  • Ерменсай шағынауданындағы тұрғын үй алабы – 19,27 млн теңге;

  • «Драгон Сити» – 19,15 млн теңге;

  • «Ожет» – 18,59 млн теңге;

  • «Meridian Apartments» – 14,09 млн теңге;

  • «Four Seasons» – 13,99 млн теңге;

  • «Rams City» – 12,89 млн теңге;

  • «Әлем Сити 1» – 12,67 млн теңге;

  • «Qargaly City» – 10,36 млн теңге;

  • «София» – 10 млн теңге.

Сондай-ақ қарыз көлемі бірнеше миллион теңгеге жеткен басқа да тұрғын үй кешендері бар. Олардың қатарында «Алма Сити 4/2», «Сити Плюс», «Titul Town», «Жерұйық», «Есентай Сити», «Biography», «Exclusive Юбилейный», «Амаль», «Эдельвейс», «Melody», «Көк Жиек Сити», «Аккент», «Nomad City 2», «Гүл Ана», «Time City», «Central Avenue», «Европолис», «Luxury», «Rams Luxury», «Радужный берег», «Saxon Yard» және «Lancashire» бар.

Алматы облысындағы жағдай

Алматы облысында электр энергиясы үшін ең көп берешегі бар тұрғын үй кешендері:

  • «Gate City» – 36,74 млн теңге;

  • «Ашық төбе» – 14,57 млн теңге;

  • «Aspan City-2» – 13,11 млн теңге;

  • «Достар» және «Алматау» тұрғын үй кешендері – 12,05 млн теңге;

  • «Qazyna» – 4,98 млн теңге;

  • «Арнау» – 1,24 млн теңге.

Энергиямен жабдықтаушы компанияның мәліметінше, қарыздар уақытында өтелмеген жағдайда заң аясында шектеу шаралары қабылдануы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға өз үйлерінің берешек жағдайын бақылап, басқарушы ұйымдардан түсініктеме алып отыру ұсынылады.

Еске салайық, 14 тамыз күні Алматы мен Алматы облысының бір бөлігі жарықсыз қалған болатын. Артынша KEGOC бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген еді