1 Тамыз 2026, 08:40 Фото: ашық дереккөз

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35-ке жетті

Табиғи апаттан кейін өңірдегі 5 мыңнан астам тұрғын үй әлі күнге дейін электр қуатынсыз, ал 80 мыңға жуық адам ауыз сусыз отыр.

Жапонияның Кюсю аралында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 адамға жетті. Тағы 120-дан астам тұрғын түрлі жарақат алған. Аймақтағы құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Жергілікті биліктің мәліметінше, 120-дан астам адам жарақат алған. Қазіргі уақытта Кумамото префектурасында үйінділерді аршу және іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Құтқарушыларға елдің Өзін-өзі қорғау күштерінің әскери қызметшілері көмек көрсетуде. Алайда жұмыстарға аптап ыстық кедергі келтіруде. Соңғы күндері өңірде ауа температурасы +39°C-қа дейін көтерілген.

Сонымен қатар, табиғи апаттан кейін өңірдегі 5 мыңнан астам тұрғын үй әлі күнге дейін электр қуатынсыз, ал 80 мыңға жуық адам ауыз сусыз отыр.

Еске салайық, 28 шілде күні Жапонияның Кюсю аралында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы кеше Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.