Жануарларды қорғау туралы заң жобасы әзірленді - Мырзағалиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкіметтің онлайн отырысында баяндады.
2019 жылы экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша Ақтөбе, Атырау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Балқаш, Жезқазған қалаларында атмосфералық ауаның жоғары деңгейде ластануы тіркелді. Осыған байланысты экологиялық проблемаларды шешу үшін министрлік әкімдіктермен, жұртшылықпен онлайн кездесулер ұйымдастыруда. Кездесу барысында экологияны жақсартуға бағытталған нақты жол карталары әзірленді. Бұл жұмыс одан әрі жалғасын табады. Екі ай ішінде қалған өңірлер бойынша нақты жол карталарын әзірлейміз, - деді министр.
Биыл экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында экослет сияқты бірқатар маңызды шара өткізілді.
Президенттің тапсырмасы бойынша заңсыз қоқыстарды жою жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 7 600-ден аса заңсыз қоқыс орындарының 5000-нан астамы жойылды. Бұл жұмыстар «Бірге. Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асады. Мысалы, 19 қыркүйекте «World Cleanup Day» акциясын өткізуді жоспарлап отырмыз. Әкімдіктерден бізді қолдауды сұраймыз, - деді Мырзағалиев.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес табиғатқа залал келтіргені үшін заңнама күшейтіледі.
Экономиканы терең декарбонизациялау бөлігі бойынша Париж келісімінің климат бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында Қазақстан 2050 жылға дейін төмен көміртекті экономикалық көші жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеу қажет. 1 қарашаға дейін өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрін сақтауға, орман шаруашылығын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған биологиялық әртүрлілікті сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі 2030 жылға дейінгі жобаның тұжырымдамасы әзірленеді, - деді ол.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 13 ұлттық парк бар.
2019 жылы парктерге келушілер саны 1-1,5 млн адам жетті. Бүгінгі күні парктерде жаяу жүргіншілер жолының, жаңа санитарлық кабиналардың жоқтығы байқалады. Халықаралық тәжірибелерге сүйеніп, олардың санын ұлғайтамыз. Осының аясында заманауи визит орталықтар, медициналық пунктер, этноауылдар құру көзделіп отыр. Осы ретті ұлттық парктерді дамытуға арналған тиісті жоспарлар дайындалып жатыр. Сондай-ақ жеке инвесторларды тарту жұмысы да жүргізілуде, - деді министр өз баяндамасында.
Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, экотуризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамы жасалды. Жеке инвестициялар көлемі 70 млрд теңгеге жетеді. Туристердің ағыны 1,5 млн-нан 12 млн-нан астам адамға дейін ұлғаяды. Сонымен қатар 12 мың қосымша жұмыс орны құрылады.
Жануарларды қорғау туралы заң жобасы әзірленді. Жақында Парламент мәжілісіне енгізілетін болады және жұртшылықпен талқылау басталады, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы