Жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына қалай әсер етеді?

Бұл туралы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгіннен бастап жанармай бағасы қымбаттайтыны белгілі. Басқарма өкілі соған орай қаладағы азық-түлік те қымбаттауы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

Расымен де, қазіргі таңда жанар-жағармай бағасының қымбаттауы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне әсер ету ықпалдығын түсініп отырмыз. Осы бағытта қажетті шаралар қабылданады. Халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін күзде маусымаралық кезеңде нарыққа шығатын көкөніс пен азық-түлік өнімдерін жеткізушілердің өтінімдерін қарастырудамыз. Бүгінде биыл 1 қыркүйектен 2024 жылдың мамырына дейін көкөніс жеткізу бойынша 2 өтінім мақұлданды, - деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол баға белгіленген шектен аспауы тиістігін айтты.

Мысалы, картоптың бағасы 125 теңге, сәбіз – 120 теңгеден, қырыққабат – 115 теңгеден, макарон өнімдері 280 теңгеден аспауы қажет. Нарықтағы баға белгіленген шектен төмендесе, тұрақтандыру бағасы одан 10 пайызға арзан болады, - деді Мақсат Жанабаев.

Еске салсақ, 4 сәуірде өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов елімізде жанар-жағармай бағасын өсірмесе, тапшылыққа тап болатынымызды айтқан еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Егемен Қазақстан
Өзгелердің жаңалығы