Жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығару әрекеттеріне бақылау күшейеді
Премьер-министр Әлихан Смайылов ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеңеске қатысушылар жанар-жағармай материалдары нарығындағы қазіргі ахуалды және қолданыстағы реттеу механизмдерінің тиімділігін талқылады.
Шекарада дизель отыны мен бензинді басқа мұнай өнімдерінің түрлері ретінде (мазут, пеш отыны, еріткіштер және т.б.) заңсыз шығару әрекеттері орын алып жатқаны айтылды.
Премьер-министр Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әсіресе көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезеңінде отынды елден заңсыз шығару фактілеріне бақылауды күшейту және ондай жағдайлардың жолын кесу жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды.
Отырыста мұнай-газ саласының басқа да өзекті мәселелері талқыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда білім ұйымдарының 85%-ы аттестаттаудан өте алмады
Келесі жаңалық
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Өзгелердің жаңалығы