Жаңаөзендегі жарылыс: Үйінді астынан әйелдің денесі шығарылды
Құтқарушылар сағат 11:45-те үйінділердің астынан әйелдің денесін алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, қазіргі кездегі жағдай бойынша үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесі алып шағарылды.
6 адам ауруханаға жатқызылды. Үйінділерді талдау жұмыстары жалғасып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуір күні сағат таңғы 5:04-те Жаңаөзен қаласында екі кіреберісті 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің 2-кіреберістегі пәтерінде жарылыс болды.
Әкімдік мәліметінше, қайғылы оқиға себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефонын орналастырды. Еліміздің беделді компанияларының бірі жарылыстан зардап шеккен отбасыларға жаңа пәтер беретінін мәлімдеген болатын.
Құтқарушылар үйінділерден 3 адамның денесін алып шыққанын жазған болатынбыз.
ВИДЕО: ТЖМ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Адвокат Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберуді өтінді
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы