Жаңаөзендегі жарылыс: Үш пәтер қираған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзендегі жарылыс орнындағы үйінділерді, болжам бойынша газ қоспасын жою жөніндегі ведомствоаралық штабтың жұмысын үйлестіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 сәуір күні сағат таңғы 5:04-те Жаңаөзен қаласында екі кіреберісті 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің 2-кіреберістегі пәтерінде жарылыс болды. 

Болжам бойынша газ қоспасы жарылып, 150 шаршы метр аумақта кіреберіс құлаған. Сағат 8:30-да үйінді астынан алты адам шығарылды. 8:30-ға дейін 13 адам зардап шекті, оның ішінде 1 мәйіт табылды, 5 адам ауруханаға жатқызылды, 7 адам үйіне шығарылды. Жарылыс салдарынан 3 пәтер зардап шекті. Тұрғын үй газдан ажыратылған. Қоқыстар тазартылуда, - делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, қайғылы оқиға себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефонын орналастырды. 

Жарылыс орнында жүрген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев үйінділерді шығару жұмыстарын үйлестіруде. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері (56 л/с, оның ішінде 1 түсіру тобы және 9 техника), жергілікті атқарушы органдар (13 адам және 6 техника), СМП (12 адам және 6 техника), ДП (150 л/с және 10 техника), ҚР ІІМ ҰҚ (60 әскери қызметші және 2 бірлік техника) оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, еліміздің беделді компанияларының бірі жарылыстан зардап шеккен отбасыларға жаңа пәтер беретінін мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы