Жаңаөзенде әйелін пышақтап өлтірген ер адам қамауға алынды

29 қаңтарда Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 44 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оқиға Қызылсай ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде туындаған. Марқұмның артында жеті баласы қалды. Оның бесеуі кәмелет жасқа толмаған.

Полициядан хабарлағандай, әйелдің жұбайы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады Жаңаөзен қаласының ПБ баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бүған дейін Шымкентте әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмған болатын. 

Сондай-ақ, 28 қаңтарда Жаңаөзен қаласында медициналық мекеменің дәлізінде ер адам дәрігер-терапевтке шабуыл жасап, оған пышақпен ауыр жарақат салған. Алған жарақаты салдарынан 29 жастағы маман қайтыс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы