Бүгiн 2026, 14:10 Фото: ©BAQ.KZ/Аида Батухан

Жанабыловтар рақымшылыққа ілікпейді – ІІМ

Бас прокуратура Жанабыловтарға қатысты шешімді түсіндірді.

Белгілі блогер Жанабыловтар отбасына қатысты рақымшылық шаралары қолданылмайды. Бұл туралы ресми өкіл Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, аталған тұлғалар рақымшылыққа ілікпейді. Сондықтан оларға қатысты қылмыстық жауаптылықтан босату да, тағайындалған жаза мерзімін қысқарту да қарастырылмаған.

Олар рақымшылыққа ілікпейді. Оларға қатысты қылмыстық жауаптылықтан босату да, жаза мерзімін қысқарту да қолданылмайды, – деді Санжар Әділов.

Журналистердің бұл бап не себепті рақымшылық тізіміне енгізілмегені туралы сауалына жауап берген ол заңнамада мұндай мүмкіндік қарастырылмағанын айтты.

Аталған нормаға рақымшылықтың қолданылуы қарастырылмаған, – деп түсіндірді ресми өкіл.

Айта кетейік, жыл басынан бері құзырлы орган 34 блогердің заңсыз онлайн-ойындарды жарнамалауға қатысы барын анықтады.

Астанада блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайының ісі бойынша адвокат сот шешімін заңсыз деп атап, шешімге аппелляция берілген болатын.

Әкімшілік істен қылмысқа дейін ұласқан "Жанабыловтар ісі" қоғамға қалай әсер еткені жайлы арнайы шолуымызды мына жерден оқи аласыздар.

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру фактілері бойынша блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, олардың ұйқамаққа алынғанын хабарлаған болатын.

Анықталғандай, Жанабыловтар тергеумен келісімге келді. Сот барысында судья әр айыпталушының ұстанымын жеке нақтылады.

Блогер Жанабылов пен Төлегеноваға сот үкімі жарияланып, екі айыпталушы да кінәлі деп танылды.

Сот отырысы барысында Жанабыловтардан қандай мүлік тәркіленетіні айтылды.