Бүгiн 2026, 11:02 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Жаңа Конституция жобасында неке мен отбасы құндылықтары айқындалды

Жаңа Конституция жобасының 30-бабында неке және отбасы институтына қатысты негізгі қағидаттар бекітілді. Құжатқа сәйкес, неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекет қорғауында болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бапта неке ұғымына нақты анықтама берілген. Онда неке – ер мен әйелдің мемлекет заңына сәйкес тіркелген ерікті және тең құқықты одағы екені көрсетілген.

Сондай-ақ балаға қамқорлық жасау және оны тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екені атап өтіледі. Бұл норма ата-ананың жауапкершілігін конституциялық деңгейде бекітеді.

Сонымен қатар кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті екені жазылған.