Кеше 2026, 18:10 Фото: referendum_2026 телеграм арнасы

Жаңа Конституция: Күдіктілерді ұстау мерзімі 48 сағатқа қысқартылуы мүмкін

Жаңа Конституция жобасында күдіктілерді ұстау мерзімін 48 сағатқа дейін қысқарту ұсынылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев «Референдум–2026» онлайн-марафоны барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қолданыстағы тәжірибеде күдіктіні үш тәулікке дейін ұстау қарастырылған. Алайда осы уақыт ішінде кейбір күдіктілер қысымға ұшырап, түрлі жол іздеуге мәжбүр болады. Сондықтан жаңа нормада адам құқықтарын қорғау мақсатында ұстау мерзімін 48 сағатпен шектеу ұсынылып отыр, — деді ол.

Депутаттың айтуынша, аса ауыр қылмыс жасаған тұлғалар үшін бұрынғы мерзім — 72 сағат сақталады.

Еске салайық, Астанада Ата Заңымыздың болашағына арналған "Референдум-2026" атты онлайн-марафон өтіп жатыр.