Жамбылдағы өртті ауыздықтауға қатты жел кедергі келтіріп жатыр

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі Жамбыл облысында құрғақ шөп өртін сөндіру бойынша соңғы ақпаратты таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ (Аспара-Меркі орман шаруашылығы, 3-4 ормандары) аумағында таулы аумақта орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілуде. Орман шаруашылығының ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектарды құрайды. Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда. Елді мекендерге қауіп төнбеді және зардап шеккендер жоқ. ТЖМ тікұшағымен аэровизуалды тексеру жүргізілуде. Сөндіру жұмыстары басталғалы "Қазавиаорманкүзетінің" авиациясы өрт ошақтарына әуеден 13 рет шамамен 19,5 тонна су төкті, - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Қазорманавиакүзетінің, жергілікті атқарушы органдардың және Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 270 адам, 36 бірлік техника, авиация жұмылдырылды.

Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» аумағында таулы аумақта қураған шөп өртенді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы