Жамбыл облысының әкімдігі желі қолданушыларға жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кейбір желі қолданушылары Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевқа коронавирусқа қарсы салынған екпе шприці жабық, яғни қалпағы болған деп күмән келтірген еді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Арнайы осы азаматтар үшін басқа да ине анық көрінетін сапалы суреттерді жариялап, фото-коллаж әзірледік. Әрине, мұны фотошоппен жасалған дүние деп айтатындар табылар. Қажет болса, фотосуреттердің түпнұсқасын ұсынуға әзірміз, - деп жазды облыс әкімдігінен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сапарбаевтың қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдырғанын жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы