Жамбыл облысында жасанды алкоголь өнімін өндіретін цех анықталды
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділовайтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері контрафактілік есепке алу-бақылау маркаларын қолданып, жасанды алкоголь өнімін өндіретін цехты анықтады.Тінту кезінде 3 мың литрге жуық алкоголь өнімі, 36 мыңнан астам бөтелке арақ, жалған есеп-бақылау маркалары, қақпақтарды жабуға арналған құрылғылар тәркіленді, - деді ол.
Әбділов атағандай, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО-да 18,9 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы