Жамбыл облысында қар құрсауынан 7 адам құтқарылды

Жамбыл облысында қар құрсауынан 7 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жеті адамның төртеуі – шетел азаматтары.

26 ақпанда Жуалы ауданында, Шымбұлақ ауылынан 8 шақырым таулы жерде ТЖД қызметкерлері Б. Момышұлына ауылына қар құрсауынан 7 адамды, оның ішінде 4-і қытай азаматтарын құтқарып, жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, синоптиктер ауа райына байланысты екі өңірде ескерту жариялаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы