Бүгiн 2026, 20:50
Фото: видеодан скриншот
Жамбыл облысында дәрігер 3 жасар баланың өңешінен 100 теңгені алып шықты
Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық ауруханасының дәрігері өңешіне тиын тұрып қалған баланы аман алып қалды. 3 жасар бала абайсызда 100 теңгелік тиынды жұтып қойған.
Дәрігер 3 жасар баланың өңешінен 100 теңгені алып шыққан сәттегі видеоны жариялады.
Оқиға Жамбыл облыының Байзақ ауданында болған. Тамағына тиын тұрып қалған бала жедел ауруханаға жеткізілген.
Дәрігердің айтуынша, жағдай өте қауіпті болған, алайда уақытылы жасалған медициналық көмектің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды.
3 жасар бала 100 теңге жұтып қойған. Абырой болғанда тыныс жолдарына өтпеген. Балаларыңызға абай болыңыздар! - деді дәрігер Сейітқалық Еділ.
Қазіргі уақытта бүлдіршіннің жағдайы тұрақты, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Түркістанда дәрігерлер тамағына кәмпит тұрып қалған баланы құтқарды.
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстанда екі жасар бала шемішкеге қақалып қайтыс болды.