Бүгiн 2026, 12:37
Фото: gov.kz
Жамбыл облысында әскери дронның құлауы: Министрлік шұғыл мәлімдеме жасады
Тексеру және оқиғаның себептерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
2026 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысы Талас ауданының аумағына штаттан тыс қонған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп болған жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Аумақты тексеру және оқиғаның себептерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында дрон сынықтары табылған болатын.