Жамбыл әкімдігі «Қазақмыс» кеншілерінің қаза болуына қатысты мәлімдеме жасады

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі «Қазақмыс» кеншілерінің қаза болуына қатысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Жайсан» кенішінде орын алған жазатайым оқиғаның тексеру барысын жеке бақылауға алды.

Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде орын алған жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы құрылған комиссия оқиға орнына шықты.

Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Жарылқасын Айтақов бастаған комиссия құрамында – ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті, Жұмыс беруші «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдері бар. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков оқиға орнында жүр, - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазақмыстың» 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері қаза болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы