Дәстүрлі садақ атудан Республикалық ашық турнир өтпейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбы атудан 15 наурыз күні Алматы облысында өтеді деп жоспарлаған Республикалық ашық турнир кейінге шегерілді.
Қазақстан Үкіметінің коронавирустың елімізге енуіне және таралуына жол бермеу шараларын қатаңдату себебіне байланысты жаппай мәдени және спорттық шаралар, конференциялар мен көрмелер өткізуге уақытша тыйым салынады. Сол себепті, Алматы облысында өтетін дәстүрлі садақ атудан алғашқы Республикалық ашық турнир белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды - деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы, Талғар ауданы, Т.Рысқұлов селосындағы «SPORT PROPERTY MANAGEMENT» көпфункционалды спорт кешенінде 15 наурыз күні дәстүрлі садақ атудан Республикалық ашық турнир өтетінін туралы хабарлаған болатынбыз.