Жамаубаев қоластындағылардың не себепті пара алатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің не себепті сыбайлас жемқорлыққа баруы мүмкін екенін атады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің еңбекақысының төмен болуына, әлеуметтік қорғалмауына және жоғары жауапкершілікке байланысты сыбайлас жемқорлыққа ұшырау қаупі бар екенін атап өтті, - дейді ол.
Министрдің сөзінше, мұндай жағдай тәжірибелі қызметкерлердің жиілеп кетуіне және алған білімдері мен дағдыларын басқа жерлерде қолдануына әкеледі.
Осыған байланысты базалық жалақыға үстемақының қосылуын және бірыңғай нысанды киім-кешекті енгізе отырып, сыныптық шендерді енгізу ұсынылады, - деп айтты Жамаубаев.
Ол бұл шаралар кадрлардың жоғары біліктілігі мен сабақтастықты сақтауға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.
Айта кетейік, Үкіметтің онлайн отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтар біріктіріліп, бірыңғай төлеммен төленетінін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәрігер: Індетті тұсаулаудың жалғыз жолы – вакцинация
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы