Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин айтты. Оның айтуынша, вирустың репродуктивтілік индексі 0,97-ге тең көрінеді.
Вакцина салдыру да қарқынды жүргізіліп жатқандығын алға тартты.
Ауруханалардағы орын 53% және реанимациялық бөлімдері 47% пайызға жүктелген. Вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 6,1 млн адамнан асты, екінші компонент 4,8 млн-нан астам адамға салынды. Түркістан облысы және Алматы мен Шымкент қалаларында вакцина салу қарқыны жақсы екенін атап өту қажет. Ал Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында вакцина салу қарқынын күшейту керек, - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар вакцина қорын толықтыру шаралары қабылданып жатқандығын атап өтті.
Бұған дейін елімізде соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру 2%-ға төмендегенін жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы