Бүгiн 2026, 12:39 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат

Зейнетақы жинағынан ақша шешпек болған әйел 5 миллион теңгесінен айырылды

Зейнетақы жинағынан ақша шешуге көмектесемін ақша алған.

Жамбыл облысында зейнетақы жинағын шешіп беруге уәде беріп, әйелдің 4,8 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген ер адам алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Істі Мойынқұм аудандық соты қарады. Оқиға 2025 жылдың тамызы мен қарашасы аралығында болған.

Ер адам аудан тұрғынын зейнетақы жинағынан ақша алуға көмектесе алатынына сендіріп, өз "қызметі" үшін ақша аударуды сұрай бастаған. Әйел оған сеніп, бірнеше рет ақша жіберген.

Кейін белгілі болғандай, ол ешқандай көмек көрсетуді жоспарламаған, ал алған қаражатты өз мұқтажына жұмсап жіберген.

 Жәбірленуші сотталушымен татуласқанын айтып, бірақ материалдық залал толық өтелмегенін жеткізген. Бірақ, оны бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Сот үкімімен Н. ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілене отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, - деп хабарлады Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында банктің бұрынғы менеджері несиелерді заңсыз рәсімдегені хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Астанада қайғылы жағдайды сылтау етіп ақша жинаған әйел сотталды

Атырауда пара беруге итермелеген азамат 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбеде ЦОН-да жалған құжат жасаумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды