Өздеріңізді князьдік басшысы ретінде ұстайсыздар - Тоқаев әкімдерге ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
"Инвестициялар тартылуы тиіс. Мен әкімдерге айтарым, сіздер инвестиция тартумен айналысуларыңыз керек. Кейде мен теледидардан сіздердің кәсіпкерлер мен инвесторлар делегациясын қалай қабылдайтындарыңызды көремін. Бұл жарамайды. Үстелдің басына отырып аласыздар. Оларды өздеріңізден 3-4 метр алшақ отырғызасыздар. Өздеріңізді бір князьдік басшысы ретінде ұстайсыздар. Инвестиция тартуға сіз емес, олар мүдделі секілді. Сіздер өздеріңізді үлкен бір бастық етіп көрсетпей, жұмыс істеулеріңіз керек. Шынын айтсақ, бұл сіздерге жараспайды, теледидардан да жаман көрінеді", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы инвесторлар тарапынан шағым көп түсетінін, оларға өңір әкімдіктері түрлі талаптар қоятынын айтты.
"Барлық сіңірген еңбегі мен жұмыс тәжірибесіне қарамастан бұндай әкімдер қатаң жазаланады. Мен сіздерді алдын ала ескерттім", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары мен Маңғыстау облысында инвестиция көлемі азайып кеткенін айтты. Мемлекет басшысы инвестициялық ортада үлкен проблемалар бар екенін жеткізіп, министрліктер мен әкімдерге инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.
Бұған дейін президент бизнеске кедергі келтіретін шенеуніктер түрмеге түсетінін айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы