Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы анықталды – ҚМА
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Стоп игра» шұғыл іс-шарасы барысында заңсыз ойын бизнесін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара аясында жүйелік блоктар, мониторлар, ноутбук, ойын терминалдары, рулетка ойын аппараты, чек шығаратын құрылғы және басқа да техника құралдары анықталып, тәркіленді. Іс сотқа жолданып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды, – делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ орган «Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес, казино мен ойын автомат залдары Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жататынын еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін бастады
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы