Заңсыз майнинг фермалармен қалай күресеміз?

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Парламент Сенатының отырысында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов хабарлады. Оның айтуынша, энергетика жүйесінде майнинг құбылысы былтырдан бастап көп тарала бастаған. 

Көбінесе заңсыз және бір мекемелерде тығылып, салық төлемей, құзырлы органдарға ақпар бермей жұмыс істеп жатқан майнингтер бар. Осыған байланысты кеше Президент пен Үкімет басшысының берген тапсырмаларына байланысты ведомствоаралық топ құрылды. Оны Салық комитеті, электр энергетикасын реттейтін комитет, Цифрлық даму министрлігі арқылы бақылауда ұстаудамыз. Алғашқы нәтижелер де жоқ емес. Заңсыз  қолданылған майнинг фермалары табылуда. Оларды ағыту мәселесін қолға алынды. Бұл жұмыс жүйелі түрде алға қойылады, - деді Энергетика вице-министрі. 

Ведомство басшысы заңсыз жұмыс істеп жатқан майнинг фермалары жабылады деп уәде берді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін вице-министр Қазақстан Қырғызстанға қанша электр энергиясын жібергені туралы айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы