10 Қыркүйек 2024 2024, 10:37
Фото: - архив
Заңсыз активтерді қайтару тетіктері қайта қаралады
Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Активтерді қайтару жөніндегі заңнамаға түзетулер енгізу бойынша жұмыс аясында оларды ерікті негізде қайтару, сондай-ақ ел экономикасына инвестиция салу жолымен қайтару тетіктері пысықталатын болады, – деді Байбазаров.
Сондай-ақ Байбазаров мемлекеттік кәсіпорындарды басқару саясаты жетілдірілетінін атап өтті.
Олар жеке сектормен бәсекелеспеуге тиіс. Заңнамалық деңгейде оларды құру мақсаттары айқындалады, жұмыс форматы регламенттеледі, – деді ведомство басшысы.
Бұған дейін Байбазаров елімізде банктер мен кредиттік ұйымдардың қызметін реттейтін заң қабылданатынын айтты.