Заңгер "қамауға алынды" делінген кандидаттарға қатысты түсініктеме берді

Бұл туралы «Адал сайлау үшін» республикалық штабының мүшесі Әнуарбек Сқақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Штаб соңғы кезде әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында таралған Мәжіліс пен мәслихат депутаттарына екі кандидаттың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме беруді мақсат тұтты. Шын мәнінде, кандидаттарға қатысты таралған ақпарат рас. Алайда бұл екі жағдай заңды тұрғыда орын алғанын түсінген абзал. Ол жерде ешкімді қамауға алмаған. Насихат процедураларын бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы іс-шаралар жүргізілді. Бұған дейін халыққа насихат шараларын бұзбау қажеттілігі түсіндірілген еді. Егер кандидат ретінде тіркелген болсаңыз, заңды бұзбай, оның аясында жұмыс істеу қажеттігі түсіндірілді, - деп атап өтті штаб мүшесі.

Айтуынша, бұл – үгіт-насихат жұмысын бұзған бір кандидатқа қатысты жағдай.

Екінші кандидат сайлау науқаны басталғанға дейін үйқамақта болған. Ол 2022 жылы Қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікке ілінген. Осы тұрғыда түсіндіре кетейін, «Ондай адам кандидат бола ала ма?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Сот шешімі шықпай, қылмыс құрамы болмаса, адамның уақытша тергеуде болуы кандидат ретінде тіркелуге тыйым салмайды. Заңға сәйкес, адамның кінәлі дәлелденбейінші ол кінәсіз деп танылады, - деді Әнуарбек Сқақов.

Осыған дейін сайлауда дауыс беру рәсімінің ерекшеліктері жайлы айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы