"Заң және тәртіп". БҚО-ның Экономикалық тергеп-тексеру департаменті есеп берді

Батыс Қазақстан облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыстың экономикалық қауіпсіздігін, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ

«Заң және тәртіп» қағидаты шеңберіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша маңызды тақырыбты талдап өткім келеді. Бұл қағида, тұрақты және қауіпсіз қоғамның негізі болып табылады, онда әрбір азамат пен азаматша өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқылы. Біздің жұмысымыз құқық бұзушылықтарға реакция беру ғана емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтарды алдын алу үшін белсенді профилактика жұмыстарын жүргізу болуы керек. Білім беру - құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды құралы. Азаматтарды, әсіресе жастарды өз әрекеттері үшін құқық пен жауапкершілік негіздеріне үйрету қажет. Осы мақсатта Департаментімізбен мектептерде және жоғары оқу орындарында семинарлар, дәрістер мен талқылаулар өткізіліде, бұл өз кезегінде, жасөспірімдер мен жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыруға және заңдылықтың мәнін түсінуге ықпал етеді, - дейді БҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Нұрбол Рахметов.

Метеп қабырғаларында жас буын арасында, әсіресе 5-11 сынып оқушыларымен сабақтар ұйымдастырылып, онда қаржылық қауіпсіздіктің негіздері, алаяқтық схемалардың белгілері, алаяқтардың құрбаны және дроппер болмау жолдары, дроппер болуды ұсынған жағдайда қолданылу керек іс-шаралар алгоритімі түсіндірілді.

Бұл іс-шаралар адамдардың қаржылық сауаттылығын арттырып қана қоймай, қылмыстардың айтарлықтай төмендеуіне ықпал етпек.

Қазіргі уақытта Интернет желісіндегі құмар ойындардың жаппай өсуі өзекті мәселе. Заманауи технологиялардың арқасында көптеген виртуалды ойындар, соның ішінде әр түрлі құмар ойындарының қолжетімділігі орасан зор қауіп туғызуда.

Ойыншылар өз ұялы телефондарын қолдана отырып, құмар ойындарды бастау, ойын депозиттеріне ақша салу әрекеттерін жасайды. Департамент онлайн-казиноларды анықтау мақсатында интернет – ресурстары мен әлеуметтік желілерге тұрақты негізде талдау жүргізіп отарды. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы құмар ойындарды ұсынатын күмәнді сайттар жедел бұғатталуда. Өткен жылдан бері құмар ойындарының белгілері бар жалпы саны 406 сілтеме бұғатталды, - деді Нұрбол Рахметов.

«Ойын бизнесі туралы» Заңына сәйкес ойын бизнесі саласында 4 қызмет түрі бар, олар:

  1. казино;
  2. ойын автоматтары залы;
  3. букмекерлік кеңсе;
  4. тотализатор.

Ойын қызметіне, автоматтарға рұқсат етілген Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысы, Бурабай ауданыннан басқа кез келген жерлерде орнатуға және орналастыруға заңмен тыйым салынады.

ҚР ҚК-нің 307-бабына сәйкес ұйымдастырушылар мен қосалқы қатысушылар, сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне үй-жай берген адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өткен жөн.

Құқық бұзушылықтың осы түрі үшін ең жоғары жаза - мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.

Қазіргі уақытта критоактивтерге деген қызығушылық артып келеді. Бұл заңсыз криптобиржаларын ұйымдастыру секілді құқық бұзушылықтың жаңа түрінің пайда болуына әкеліп соғуда. «Цифрлық активтер туралы» ҚР Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағын қоспағанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына, сондай-ақ қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне тыйым салынған. Мұндай компанияларды ұйымдастыру әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Осы мақсатта, жас буынды заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және оны ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттерді жасамауға шақырамыз, - деді ол.

Жалпы, заңсыз кәсіпкерлікті ұйымдастыру - бұл көлеңкелі экономиканың бір саласы.

Мысалы акциздік маркалы жоқ, ҚР аумағында сатуға тыйым салынған темекі өнімдерінің заңсыз айналымы - экономика қауіпсіздігін қоса алғанда, халықтың денсаулығын, өмірдің әртүрлі аспектілерін қозғайтын кең таралған құқықбұзушылық әрекетері.

Бұндай темекі өнімдерінің заңсыз айналымының ең басты салдарының бірі - адамдардың денсаулығына қауіп төндіру. Олардың құрамында қауіпті қоспалар, сапасыз шикізат болуы мүмкін және қолайсыз және орынсыз жағдайларда өндірілуі мүмкін дегенді білдіреді. Мұндай өнім әртүрлі ауруларға және денсаулыққа қатысты басқа да күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін.

Темекі өнімдерінің заңсыз айналымы ел экономикасына зиянын тигізетіні сөзсіз. Бұл тауарларда акциздік маркалары болмағандықтан – акциз бойынша төленетін міндетті салық қаражаттары мемлекеттік бюджетіне түспейді.

Ал бұл қаражаттар өз кезегінде денсаулық сақтау, білім беру бағдарламаларын және басқа да әлеуметтік қажеттіліктер бойынша қажетті қаржыландыруға жұмсалуы мүмкін еді.

Департаментпен 2023-2024 жылдар ішінде 312 мыңнан астам сатуға тыйым салынған, акциздік маркалары жоқ темекі өнімін алынып жойылды. Бұл ретте, сатуға тыйым салынған темекі өнімдері бойынша заңсыз кәсіпкерлікті ұйымдастырған азаматтар мен азаматшалар қылмыстық жазаларын алды, олардың қылмыстық жолмен алынған мүліктері мемлекет мүддесіне тәркіленді. Заңды бизнесті ұйымдастыру - адал бәсекелестіктің және жалпы кәсіпкерліктің дамуын тежейді. «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алу — бұл мемлекеттік мекемелердің алдында тұрған міндет қана емес, бұл қоғамның барлық мүшелерінің бірлескен күш-жігерін қажет ететін ортақ іс. Сол сбептен, әр қайсысымыз, қоғамымызда заң талаптарын және тәртіп сақтайтын жауапты азаматтар болуымыз қажет. Біз бір болған кезде ғана, болашақ ұрпақ үшін қауіпсіз және құқықтық кеңістік құра аламыз! - деді Нұрбол Рахметов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы