"Зан мен Тәртіп": Қостанайда оқушыларға арналған акция өтті
«Зан мен Тәртіп» әлеуметтік жобасы аясында Қостанай мектеп оқушыларына арналған акция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18-23 ақпан аралығында Қостанай қаласының мектеп оқушылары арасында қаржы пирамидаларына, вейптерге қарсы күрес және жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік акция ұйымдастырылды. Іс-шараны Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті балалардың назарын маңызды әлеуметтік мәселелерге аудару мақсатында ұйымдастырды. Акция шығармашылық тәсіл – сурет салу.
120-дан астам оқушы байқауға қатысып, қаржылық қылмыстардың алдын алу, вейптердің зияны мен қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын өз көзқарастары арқылы көрсетті. Жұмыстар қарапайым әрі түсінікті формада ұсынылып, жас қатысушылардың ойларын кең аудиторияға жеткізуге мүмкіндік берді.
Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары 18-23 ақпан аралығында «Қостанай Плаза» сауда орталығында көрмеге қойылды. Кез келген келуші балалардың қаржылық қауіпсіздік пен зиянды әдеттер тақырыптарын қозғаған шығармаларымен таныса алды.
Бұл көрме қоғамның әлеуметтік қауіптер туралы хабардарлығын арттырумен қатар, адамдарды қаржылық қауіптер мен олардың салдары туралы көбірек білуге ынталандырды.
Конкурс қорытындысы бойынша Қостанай облысы ЭТД үш жеңімпазды анықтады. Олар департамент басшысының атынан грамоталармен және арнайы дүкендер желісінен тауар сатып алуға арналған сертификаттармен марапатталды. Жеңімпаздар өнер мен әлеуметтік маңызды мәселелерді шебер ұштастыра білді.
Көрме 23 ақпанға дейін жалғасады. Ол келушілерге қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ой қозғап, мектеп оқушыларының қаржылық қауіпсіздік пен зиянды әдеттерге қарсы күреске қосқан шығармашылық үлесін бағалауға мүмкіндік береді.