Заң алдында қоғамдық орында кальян, темекі шегуге кім жауапты?

Қоғамдық орындарда кальян шегудің жауапкершілігі туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті департаменті басқарма басшысының орынбасары Азамат Күрімбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Ішкі істер министрлігі өз құзыреті аясында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға (кальян) арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді ҚР заңнамасымен тыйым салу, белгіленген орындарда тұтынудың жолын кесу бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдайтынын айтты.

Бұл тыйымды бұзғаны үшін жеке тұлғалар 15 АЕК, яғни 51 750 теңге төлейді. Қайталап бұзған жағдайда 20 АЕК төлеуге міндетті. Жыл басынан 13 мың заңбұзушылық тіркелді, - деді Күрімбаев.

Алайда заңнамада жеке кәсіпкерлерге жауапкершілік көзделмеген.

Қазақстан заңнамасында қоғамдық орындарда кальян сататын кәсіпкерлік субъектілерге жауапкершілік арту көзделмеген. Яғни жауапкершілікке құқық бұзушы тартылып, жеке кәсіпкер тысқары қалады. Яғни бұл заңнама айналымды емес, тұтынуды ғана реттейді, - деді ол.

Бұған дейін елімізде кальян шегушілерге айыппұл аз салынатыны айтылған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы