Замандас: Елордада 2 800-ге жуық бала үйірмеге тегін қатыса алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына арналған «Замандас» аула клубы ашылды.

Клубтың қызметтері балаларға тегін ұсынылады.


№55 орта мектеп базасында ашылған клуб қаладағы «Замандас» клубтарының алтыншысы болып отыр. Осы ретте жаңа орталық 2 750 баланы қамтиды. «Замандаста» оқушылар қосымша білім алып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады.


Орталықта 8 үйірме жұмыс істейді:


- арт-терапия

- хореография

- шахмат

- каратэ

- музыка (домбыра)

- тоғызқұмалақ

- ағылшын тілі курстары

- қазақша күрес.


Ата-аналар «Бақытты отбасы» клубына бара алады. Клубта отбасында қолайлы жағдай жасауға және ересектер мен балалар арасындағы өзара түсіністікті қолдауға бағытталған тренингтер мен кеңестер де ұйымдастырылады.


Бұл клубтар «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жұмыс істейді.


Айта кетейік, «Замандас21» ҚҚ 2010 жылы құрылған. Сондай-ақ алғашқы отбасылық аула клубы 2011 жылдың 29 сәуірінде ашылды.


«Замандас21» клубында балаларға арналған 30-ға жуық үйірме бар. Атап айтқанда, Қазақ тілі, Ағылшын тілі, Домбыра, Вокал, Арттерапия, Каратэ, Сөйлеуді дамыту, Шахмат, Будь здоров, Қолөнер, Халықтық қолданбалы өнер, Хореография, Жас техник, Тоғызқұмалақ, Актерлік шеберлік, Қоян-қолтық ұрыс, Робототехника/онлайн бағдарламалау, Бақытты отбасы, Гитара, Жас көшбасшы, Хоккей-футбол, Экология, Жасөспірімдерге арналған клуб, Қазақша күрес, Таэквондо, Кәсіпкерлікке оқыту, Бокс, Асық ату, Цирк өнері және жонглерлік ету.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы