Қытайдан елге оралған 41 адам ауруханада жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін еліміздің бас инфекционисі Динагүл Баешева 6 қаңтардан бастап Қытайдан келгендер азаматтар мен елдегі ЖРВИ немесе тұмаумен ауырып жүрген адамдарды шатастырмауын сұрады.
Біз қызуы көтерілген барлық тұрғындарды емес, 6 қаңтардан бастап Қытай елінен Қазақстанға оралған науқастарды ғана зертханадан өткіземіз, - деді бас инфекционист-дәрігер.31 қаңтардағы, яғни бүгінгі соңғы ахуалға сай, Қытайдан келген 66 тұрғын дене қызуымен және ЖРВИ шағымымен оқшауланып, ауруханаларға жатқызылды.
Әзірге 25 адам стационардан шығарылды, 41 адам ауруханада қалды. Барлық бақылаудағы ауруханалардан алынған сынамаларды қосымша зерттеу үшін Алматыдағы Әйтімбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберіп жатырмыз. Бұл орталық жаңа коронавирусты диагностикалайтын полимеразды тізбекті реакция әдістемесін меңгерген, - деп атап айтты Динагүл Баешева.Сөз соңында бас дәрігер халыққа және тілшілерге өз алғысын білдірді және анонимдік хаттарға сілтеме жасамауды өтінді.
Біз өткен түнде және таңертең әлеуметтік желілерде бірде-бір жаңа фейк жазба тіркелмегенін айтамыз. Тұрғындарға күнделікті фейктерді жіберуді тоқтатқаны үшін алғыс білдіреміз. Анонимдік хаттарға сілтеме жасамауды өтінеміз, – деді спикер.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бас инфекционист-дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева аурудан қалай сақ болу керек екенін және халықтың аса қауіпті коронавирустан қалай қорғана алатынын айтып берген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирустан қалай қорғануға болады – маман кеңесі
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы