Айта алмаймын. Тұрғымбаев Аяжан Еділованың өлімі жөнінде пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді.
Наурыз айында Алматыдағы студенттің өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оның денесін бөлшектеп тастады деген күдікті қамауға алынды. Осы іс бойынша тергеу қандай деңгейде?, - деп сұрады тілшілердің бірі Ішкі істер министрінен Орталық коммуникация қызметінде өткен онлайн-брифингте.
Бірақ министр бұл жерде тергеудің егжей-тегжейін айта алмайтынын жеткізді.
Өйткені іс Алматы қаласының арнайы прокурорларының өндірісінде жатыр. Біз күдіктінің ұсталғаны және оның қылмысты жасағаны туралы алғашқы ақпаратты бердік. Кез келген осындай қылмыстар үшін айыпталушының психикалық жағдайына күмән туындағанда әрдайым сот-психиатриялық сараптама жүргізіледі. Менің ойымша, бұл іс бойынша да сондай сараптама тағайындалады. Нәтижелерді Алматы қаласының прокуратура органдарынан біле аласыздар, - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Айта кетейік, 19 наурызда Алматы тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шығып, жоғалып кеткен болатын. Кейін оның денесі табылды. Алматы полиция департаменті біреулердің өлтіргенін хабарлады. Іздеу жұмысы кезінде қыздың сол күні әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесуді жоспарлағаны анықталды. Кейін белгілі болғандай, бойжеткен сол бейтаныс жігіттің қылмыстық әрекетінен қаза тапқан.
Күдікті - 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр Әсел Айтпаеваның ісіне қатысты түсініктеме берді
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы