WhatsApp-та қолданушылар жылдар бойы күткен жаңа функция пайда болады
Meta компаниясы компьютерде WhatsApp-ты қолданатын пайдаланушылар үшін маңызды жаңарту әзірлеп жатыр. Енді мессенджердің веб-нұсқасында дауыс және бейнеқоңыраулар пайда болады. Бұл функция ұзақ уақыт бойы тек қосымшаларда ғана қолжетімді болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі 9To5Mac-қа сілтеме жасап.
Инсайдерлердің мәліметінше, WhatsApp Web платформасында дауыс және бейнеқоңырауларды қолдау мүмкіндігі тестілеуден өтуде.
Қазіргі таңда бұл функция баршаға бірдей қолжетімді емес және бета-нұсқада іске қосылған. Алғашқы кезеңде пайдаланушылар жеке чаттарда браузер арқылы, компьютерге бөлек қосымша орнатпай-ақ қоңырау шала алады.
Бұл функцияны шамамен бір жыл бойы әзірлеп келген, сол уақыт ішінде WhatsApp оны жұмыс үстелі қосымшаларының функционалдығына сай етіп жетілдірді. Бастапқы кезеңде негізгі назар жеке чаттарға аударылады, пайдаланушыларға жұмыс үстелі қосымшасын орнатпай-ақ дауыс және бейнеқоңырау жасауға мүмкіндік беріледі. Пайдаланушылар жай ғана чатты ашып, қоңырау батырмасын басу арқылы қоңырауды бастай алады, - деп хабарлады дереккөздер.
Айта кетейік, браузер арқылы топтық қоңыраулар әзірлену сатысында.
Әзірлеушілер функцияны шамамен бір жыл бойы сынап көрген. Негізгі қағида қарапайым:
- Браузерде чатты ашасыз;
- Қоңырау батырмасын басасыз;
- Қосымша бағдарламаларды орнатпай-ақ қоңырау шаласыз.
Қазіргі кезде белгілі негізгі мүмкіндіктер:
- барлық сөйлесу әрекеттері шифрлау арқылы қорғалады, бұл толық құпиялылықты қамтамасыз етеді;
- тек қоңырау шалу ғана емес, экранды көрсету мүмкіндігі де болады;
- бір қоңырауға 32 адам қатыса алады. Сондай-ақ шақыру сілтемелері мен кездесулерді жоспарлау функциялары қосылады.
Қазіргі уақытта функция тек бета-тестерлерде қолжетімді, бірақ инсайдерлер алдағы апталарда оны баршаға қолжетімді етуді жоспарлауда.
Жаңа функцияларды бета-нұсқада сынап көруге болады.
Ол үшін:
«Параметрлер» батырмасын басыңыз;
«Көмек және кері байланыс» бөліміне өтіңіз;
«Бета-тестілеуге қосылу» тумблерін қосыңыз.
Функцияның бірден пайда болатынына кепілдік жоқ, бірақ бета-қатысушыларға жаңартулар басқалардан ертерек қолжетімді болмақ.
Еске салайық, бұған дейін WhatsApp-та тағы бір жаңа пайдалы функция іске қосылғаны хабарланды.