2 Қыркүйек 2026, 19:24 Фото: Ақорда

Вице-Президент жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрін таныстырды

Вице-Президент Сыртқы істер министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысын таныстырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі лауазымына Мұхтар Тілеуберді тағайындалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ерлан Қарин ведомство ұжымына жаңа министрді таныстырды.

Вице-Президент жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін еліміздің саяси-мемлекеттік моделінде жаңғыру үдерісі басталғанын айтты. Сондай-ақ бір палаталы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп, қазіргі уақытта Олжас Бектенов басқаратын жаңа Үкімет құрамы жасақталып жатқанына тоқталды.

Ерлан Қарин сыртқы саясат саласында тәжірибесі мол Мұхтар Тілеуберді Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді тиімді орындайтынына сенім білдірді. Ол жаңа министр мен министрлік ұжымының алдағы қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ Вице-Президент Сыртқы істер министрі лауазымындағы абыройлы қызметі үшін Ермек Көшербаевқа алғыс айтты.